УЕФА: «Барселона» - ПСЖ кездесуі төрешісінің жұмысы көңілімізден шықты

УЕФА: «Барселона» - ПСЖ кездесуі төрешісінің жұмысы көңілімізден шықты

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Барселона» - ПСЖ кездесуінің төрешісі Дениз Айтекинге қатысты УЕФА тарапынан ешбір шара қолданылмайды.

Бұдан бұрын Айтекин чемпиондар лигасының ойындарынан шеттетілді деген сыбыс тараған болатын. Алайда УЕФА бұл сыбысты жоққа шығарды.

«Ойыннан соң төрешілердің әр шешіміне талдау жасалады. Бұл аталмыш төрешілерге келешекте қандай ойын беруге болатынын білу үшін жасалатын қадам. «Барселона» - ПСЖ ойынына төрелік жасаған төрешілерді жазалау керек па, жазалауға себеп бар ма деген сұрақ төңірегінде де талдау жасалды. Біз үшін «Барселона» - ПСЖ кездесуі финалдық ысқырықпен аяқталды», — делінген УЕФА таратқан ақпаратта.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Барселона» - ПСЖ арасындағы қарымта ойын 6-1 есебімен аяқталып, каталондық клуб келесі кезеңге өткен. Кездесуді төрелік еткен Дениз Айтекин ойын барысында ПСЖ қақпасына екі пенальти белгілеген. Кездесу аяқталған соң «Реал» клубының жанкүйерлері «Барселона» - ПСЖ кездесуін қайта өткізу керек деп қол жинап бастаған. Шетелдік БАҚ таратқан мәлімет бойыншы қазірдің өзінде петицияға 200 мың жанкүйер қол қойған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или