«Оқжетпестің» үш ойыншысы жастар құрамасына шақырту алды

«Оқжетпестің» үш ойыншысы жастар құрамасына шақырту алды

Қорғаушы Сұлтан Әбілқазы, Жартылай қорғаушысы Демият Сламбеков және шабуылшы Максим Федин Қазақстанның жастар құрамасына шақыртылды.

Ойыншылар Еуро 2019 чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық аясында құрамаға шақыртылды. Владимир Никитенконың шәкірттері Алматыда жиналып, Германияға бір аптаға аттанады.

Айта кетейік, 28-ші наурыз күні футболшыларымыз Еуропа чемпионаты аясында Люксембург құрамасына ресми матч өткізеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или