Александр Бородюк: Қазақстан стадиондарындағы атмосфера қатты ұнады

Александр Бородюк: Қазақстан стадиондарындағы атмосфера қатты ұнады

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк жаңа қызметтегі алғашқы әсерлерімен бөлісті.

«Бапкерлерге барынша жақсы жағдай жасалған. Федерациядағы бірінші жұмыс күнінен бастап мұнда футболға бей-жай қарамайтын өз ісінің шеберлері жұмыс жасайтынын түсіндім. Қазақстанда футболға үлкен көңіл бөлінуде. Инфраструктуралар жақсаруда. Балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға негізделген футболды дамыту стратегиясы бар. Германия футбол федерациясы дәл осы бағыттан бастаған. Бүгінде олар әлем футболының жұлдыздарын шығарып отыр. <br />Бүгінгі күнге дейін мен Қазақстанның бірнеше қалаларында болып үлгердім. Алматы, Шымкент және Қостанай қалаларында болып, ел біріншілігінің ойындарын тамашаладым. Стадиондардағы атмосфера мен жанкүйерлердің команданы қолдауы қатты ұнады. Футболсүйер қауыммен сөйлесе келе бәрі ұлттық құрама үшін алаңдайтынын түсіндім. Біреуі қызығушылық танытса енді бірі ұсынысын айтады. Барлығы бізге жұмыста сәттілік тілейді. Оларға үлкен алғыс айтамын!» - деген Бородюктің сөзін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі келтіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или