«Амкар» шабуылшысы «Қайратқа» ауысты

«Амкар» шабуылшысы «Қайратқа» ауысты

«Амкар» клубы Чума Анененің алматылық «Қайрат» командасына ауысқанын хабарлады.

23-жасар норвегиялық шабуылшы «Қайраттың» шабуыл шебіне күш беруі тиіс. Алматылық команданың бас бапкері Кахабер Цхададзе командадағы бәсекелестікті арттыру үшін тағы бір шабуылшының жатпей тұрғандығын айтқан болатын. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында командаға Чума Анене келіп отыр.

f9218029c1a25f6e61532d7cf0ece17b.jpg

Ол ресейлік команда үшін 24 ойын өткізіп екі гол соққан. Биылғы маусымнан бастап команданың негізгі ойыншысы атанып та үлгерген. Алайда «Амкар» командасы ресейлік жас шабуылшы Алексей Гасилиді қатарларына қосқан соң Ресей чемпионатындағы лимитке байланысты Чума Аненеге бәсекелестікке шыдау қиынға түспек. Осының бәрін ескере келе норвегиялық шабуылшы «Қайраттың» қатарын толықтыруды жөн деп тапқан.

«Қайрат» ҚПЛ-дің екі турынан кейін 4 ұпаймен бесінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или