Хаби Алонсо Анчелоттиді мазақ етті
Хаби Алонсо Карло Анчелоттиге 2005-ші жылғы Стамбулдағы Чемпиондар лигасының финалын айтып, мазақ етті.
2005-ші жылы Стамбулда өткен финалда «Ливерпуль» «Миланнан» 0-3 есебімен ұтылып жатып есепті теңестіріп, ойын соңындағы пенальтиден ұтып кеткен болатын. Сол кезде Хаби Алонсо «Ливерпуль» ойыншысы, ал Карло Анчелотти «Милан» бапкері болатын. Бүгінде екеуінің бастары «Бавария» клубында қосылған.
Чемпиондар лигасының алдындағы баспасөз маслихаты кезінде Хаби Алонсо Карло Анчелоттиге сол финал туралы айтып, келеке етті.
«Ливерпуль» – өзінің тарихы мен дәстүрі бар ерекше клуб. Маған сол клубпен елдің бәрінің есінде қалған(Анчелоттиге қарап күліп) Стамбулдағы финалда ойнау бақыты бұйырды»,- деді Хаби Алонсо.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или