Еркебұлан Сейдахмет «Зенитпен» бірге Италияда өтетін турнирге аттанды

Еркебұлан Сейдахмет «Зенитпен» бірге Италияда өтетін турнирге аттанды

Команда бапкері Игорь Симутенков Италия жерінде өтетін жастар турниріне 18 ойыншы алып кетті. Солардың арасында Еркебұлан Сейдахмет те бар.

Viareggio Cup атты турнирге 40 команда қатысады. Жарысқа қатысушы ойыншылардың жасы 21-ден аспауы шарт. Естеріңізге салсақ, «Зениттің» назары қазақ баласына «Гранаткин Мемориалы» турнирінде үздік шабуылшы атанғаннан соң ауған болатын. Петерборлық команда Еркебұлан Сейдахметпен бірден келісім жасауға дайын болған. Алайда, УЕФА заңына сәйкес кәмелет жасқа толмаған ойыншымен келісім-шарт жасауға болмайтындығы ресейлік командаға кедергі болды.

Viareggio Cup турнирі өз бастауын 1947-ші жыдан алады. Италия футбол федерациясы аталмыш турнирді әлемдегі жас таланттарды тауып, тану мақсатында ұйымдастырған болатын. Осы футбол турнирінде кейіндері әлемге танылған көптеген футболшылар ойнаған.

«Зенит» командасы топтық кезеңде Италияның «Эмполи» мен «Асколи» және Америка Құрама Штатының «Атлетик Юнион» командаларымен ойнайды.

«Зениттің» турнирдегі құрамы:

Қақпашылар:
Никита Гойло
Николай Рыбиков

Қорғаушылар:
Даниил Пенчиков
Василий Запрягаев
Павел Коркин
Данил Круговой
Алексей Плотников
Сладан Ракич

Жартылай қорғаушылар:
Дмитрий Кириллов
Дмитрий Плетнев
Константин Котов
Кирилл Капленко
Леон Мусаев
Руслан Казаков

Шабуылшылар:
Кирилл Макеев
Александр Еловских
Даниил Культинов
Еркебұлан Сейдахмет

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или