БАҚ арасындағы Диас Омаров атындағы турнир өтті

БАҚ арасындағы Диас Омаров атындағы турнир өтті

Кеше, 12-ші наурызда, Диас Омаров атындағы БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі турнир өтті. Бұл жарыс осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Шағын футболдан өткен жарысқа 8 команда жиналған. Турнир әдетінше баспасөз мәслихатынан басталды. Ол жерде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Александр Кузнецов пен Диас Омаровтың өзі сөз сөйлеп, жарысты салтанатты түрде ашып берді. 

Командалар екі топқа бөлініп, жасыл алаңда бақ сынады. Жеңімпаз екі команда топтан шығып, жартылай финалға жолдама алды. 

1/2 финалда «НС радиосы» мен Prosports және «КТК-Караван» мен «Алматы»  бақ сынады. Алғашқы жұпта «НС радиосы» бір доп айырмашылығымен жеңіп, бағы жанса, екінші ойында «КТК-Караван» командасы финалға жолдама алды. 

Үшінші орын үшін өткен матчта «Алматы» мен   Prosports тең ойнап, ойын соңындағы пенальтиге жүгінді. Нәтижесінде, Prosports турнирдың қола жүлдегері атанды. Ал  финалда «НС радиосына»  сәттілік серік болып, команда жарыс жеңімпазы атанды.

Марапаттау рәсімінде үздік ойыншылар анықталып, жүлдегерлер сыйлықпен марапатталды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или