Андрей Аршавин: Аз адаммен ойнау қиын болды

Андрей Аршавин: Аз адаммен ойнау қиын болды

«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, командаласы Жарко Маркович пен «Оқжетпес» клубының ойыншысы Козловты мақтады.

- Біз ойынды ілгері жылдамдықпен бастамадық. «Оқжетпеске» бұл қарқын ыңғайлы болды. Олар гол соқса да біз оянбай жүре бердік. Бір жақсысы, Жарко стандартты ұтымды қолданып есепті теңестірді. Ал екінші таймда аз адаммен ойнау қиынға соқты. Гол жіберіп алмай, қарымта шабуылда үмітімізді іздеп, әйтеуір гол соқтық. Әрине, өкінішті бірақ қақпамызға пенальти қойылды. «Оқжетпестің» ойыншылары пенальтиді сәтті орындап, әділетті түрде үйіне ұпай алып кетті. Пенальти жайлы көп айта алмаймын, ол жерге  жақын тұрғандар анық көрген шығар. Мен алыста тұрдым.

 - «Оқжетпес» сапында алғашқы голын Александр Козлов соқты. Ол мәскеулік «Спартак» клубына, ал сіз петерборлық «Зенит» клубына ойнадыңыз. Сіздердің ойында ресейлік легионерлердің арнайыі бәсекелестігі болды ма?

- Жоқ, арнайы бәсеклестік болған жоқ. Біз алаңда кездесіп көрмедік. Мен ол үшін қуаныштымын. Александр талантты әрі  болашағы бар ойыншы. «Оқжетпесте» бағы ашылады деп үміттенемін.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или