Жуков: Бас бапкер менің орталық шепте ойнайтынымды білмейтін сияқты

Жуков: Бас бапкер менің орталық шепте ойнайтынымды білмейтін сияқты

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Prosports.kz сайтына берген сұхбатында алаңдағы позициясына көңілі толмай жүргенін айтты.

- Георгий, сіз бүгін бірінші рет негізгі құрамда жасыл алаңға шықтыңыз. Қаншалықты қиын болды, физикалық дайындығыңыз қалай? 

- Біріншіден, мен сол қапталда ойнадым. Бұл менің позициям емес. Мен орталық шепте ойнағанды ұнатамын, бапкерлік құрам мұны білмейтін сияқты. Мен үнемі орталық жартылай қорғаушы болып өнер көрсететінмін. Бүгін бас бапкер қойған нұсқауды орындауға тырыстым. 

- ҚПЛ-дің бірінші турында Исламбек Қуаттың орнына Балтабаев бірінші минуттан алаңға шықты. Бапкерлік құрам сізді неліктен қосалқы құрамға қалдырғанын түсіндірді ме? 

- Бұған қатысты ешқандай әңгіме болған жоқ. Менің ойымша, бас бапкер менің орталық шепте ойнайтынымды білмейді. «Астанада» мен ортада жақсы өнер көрсеткенмін. «Қайратта» мені бұл позицияға қойғысы келмейді, бұл жайт маған ұнап жүрген жоқ. Қазір мен өз алдыма қойылған мақсаттарды орындап жүрмін. 

- Бас бапкер Кахабер Цхададземен ешқандай дау-дамай жоқ па? 

- Жоқ. Бәрін бас бапкер шешеді. Мен не айта аламын? Бұл оның көзқарасы, мен тек барынша тырысудамын. 

 - Қазақстан құрамасына шақырту алыпсыз. Бұған қатысты Александр Бородюкпен сөйлескен жоқсыз ба?

- Бородюкпен әңгімелескен жоқпын, бірақ Қазақстан құрамасына шақырту алғаным рас. 

- Демек, сізді Талғардағы базада көреміз...

 - Иә. Бұл ойындарды асыға күтудемін. Негізгі құрамға іліну үшін бар күшімді саламын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или