Маркович: Бас қазы алаңда еркектер емес, әйелдер ойнады деп ойлады
«Қайраттың» қорғаушысы Жарко Маркович Prosports.kz тілшісіне «Оқжетпеспен» <span>өткен матч жайлы айтып берді. </span>
- Соңғы секундттарда ұпай жоғалту өте өкінішті. Он ойыншымен ойнасақ та, жеңіске жетуге жақын болдық. Стаменкович бірнеше қауіпті соққыларымызды қайтарып, ойынның қаһарманы атанды.
- Ахметовтың алаңнан қуылуы ойынға әсерін тигізді ме?
- Иә, тигізді, бірақ соған қарамастан біз бүгін мықты болдық.
- Ахметовқа қызыл қағаз көрсетілген кезде және пенальти қойылған сәтте сіз қасында болдыңыз. Бас төрешінің бұл шешімдері қаншалықты әділетті?
- Төреші ысқырды, демек ойын тәртібі бұзылды. Олардың атқарған жұмысы туралы ештеңе айтқым келмейді. Төрешінің бұл шешімдері қаншалықты дұрыс болғанын арнайы мамандар шешсін. Бірақ бас қазы алаңда 22 еркек емес, әйелдер ойнады деп ойлады ғой деймін.
- «Қайсардың» екі турдан кейін турнир кестесінде көш бастауы сізді таң қалдырды ма?
- Олардың бағы жанып кетті. Бірақ бұлай жалғаса береді деп ойламаймын. Қазіргі таңда, Қазақстандағы стадиондардың жағдайы өте нашар. Осы мәселені шешу қажет. Мұндай алаңдарда комбинациялы футбол көрсету мүмкін емес.