Владимир Муханов: Нәтижеге көңілім толды

Владимир Муханов: Нәтижеге көңілім толды

«Оқжетпестің» бас бапкері Владимир Муханов «Қайратпен» өткен матч жайлы айтып берді.

- «Қайрат» үшін бұл жай кездесу болды, біз болсақ команданы қайта құруға тиіспіз. Былтырғы ұжымнан тек 5-6 футболшы ғана қалған. Бұған қоса, Қызылордада жеңілмеуіміз керек еді. Алматылық команда ойыншыларының жеке шеберлік қасиеттері біздікінен жоғары екені көрініп тұрды, командама ең бастысы қорғаныста мұқият ойнауды сұрадым. Қойылған нұсқаулардың көбін жігіттер орындады деп ойлаймын. Екі голды да біз стандарттан жіберіп алдық.

- Қорғаушылар мен жартылай қорғаушылар жақсы ойын көрсетсе, шабуылда ойын жүрмеді. Неліктен?

- Иә, келісемін. Федин мен Козлов та орталық шептің ойыншылары, ал мықты шабуылшыны біз маусым алдында сатып ала алмадық. Командаға жақында Генков қосылған, ол ұзақ уақыт бойы жарақатына байланысты өнер көрсетпеген болатын. Шабуылда негізі біз осы жігітке үміт артамыз.

- Нұрлан Дайыровтың ойынына қандай баға бересіз?

- Дайыров өте ақылды жігіт. Жаттығуларда өзін мықты қырынан көрсетіп жүр, алдағы уақытта Нұрлан мықты ойыншыға айналады деген үміттемін.

- Жалпы матчтың нәтижесіне көңіліңіз толды ма?

- Көңілім толды. Себебі, маусым басында көп командалар жиі қателеседі. «Қайрат», «Астана» бәрі де әлі толықтай маусымға дайын емес. Әрине, жеңіске жеткім келген, бірақ тең есепте - жақсы нәтиже.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или