Александр Козлов: Бәрі жақсы бірақ жеңуге де болушы еді

Александр Козлов: Бәрі жақсы бірақ жеңуге де болушы еді

Көкшетаулық клубтың шабуылшысы Александр Козлов «Қайратпен» болған ойыннан соң prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Ойын жайлы не айта аласыз?

- Бұл кездесуде біз «Қайратпен» тең дәрежеде ойнадық. Ойын нәтижесі де, ойын соңындағы белгіленген пенальти де әділетті болды деп санаймын.

- Сіз мәскеулік «Спартак» клубына ауысып келдіңіз. ҚПЛ на бейімделу қалай болып жатыр? Командамен тіл басысып кеттіңіз бе?

- Иә бәрі дұрыс. ОЖЖ ойдағыдай өтті. Командаға бейімделу де анау айтандай қиыншылық тудырмаы. Себебі командадағылардың бәрі орыс тілінде сөйлейді. Тез тіл табысып кеттік. 

- Сіздің мәскеулік клубтан көкшетаулық клубқа ауысуға Муханов себепкер болды ма?

- Ия. Оның ресейлік болуы менің командаға ауысуыма себепші болды. Ол маған арнайы ұсыныспен келгендіктен бірден келістім.

- Сіз бүгін жасыл алаңда Ресей футболының жұлдызы Андрей Аршавинмен бірге ойнадыңыз. Сіз мәскеулік ал ол петерборлық клубта ойнаған. Араларыңызда бәсекелестік болған шығар?

- Жоқ. Ондай бәсекелестік болмады. Аршавин соңғы он жылдықтағы Ресей футболының жұлдызы. Мен оны үлгі тұтпасам да одан үйренгенім көп. Онымен бір алаңда ойнау менің өмірімдегі елеулі оқиға.

- Қазіргі көкшетаулық команданың құрамы айтарлықтай қауқарлы. Ойыншылар арасында бәсекелестік те жоғары болар?

- Біз шабуылға көп көңіл бөлеміз. Бапкеріміз команда болып шабуылдауды қалайды. Допты көбірек ұстауға тырысамыз. Допты теуіп жіберіп құр бос жүгіру біздің команданың ұстанымы емес.

- Ойын соңындағы төрешінің шешім жайлы айтсаңыз?

- «Қайрат» ойыншылары ойынның төрешінің ақтық ысқырығы естілгенше жалғасатынын ұмытты. Біз ойыншы басымдығына ие бола тұра тең есептен үмітті едік. Жоғарыда айтқанымдай пенальти әділ белгіленді. Негізінде он ойыншысымен қалған «Қайратпен» тең ойнау анау айтарлықтай мақтаныш емес. Өз басым тең нәтижеген қанағаттана қоймаймын.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или