Кахабер Цхададзе: «Қайрат» тек әділетті жолмен ғана чемпион болады

Кахабер Цхададзе: «Қайрат» тек әділетті жолмен ғана чемпион болады

«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе көкшетаулық «Оқжетпеспен» өткен ойын жайлы айтып берді.

- Чемпионат өте қызық басталды, - деп бастады әңгімені Цхададзе. - Жігіттер он ойыншымен қалып, нағыз ерлік көрсетті. Жеңіске жетуге жақын болдық. Стаменкович бүгін қақпада «ұшып» жүрді. Өкінішке қарай, футболдан да тыс нәрселер болып жатты. Бірақ бізге бәрібір - біз не болса да соңына дейін тартысамыз. «Қайрат» тек әділетті жолмен чемпион болады.

- Командаға жақында ғана қосылған Акош Элэктің ойыны жайлы не айта аласыз?

- Элек ойынға жақсы қосылды, біз қойған барлық нұсқауды орындады. Исламханнан қарағанда қорғаныста пайдалы ойнады.

- Үзілісте Аршавин Жуковты алмастырып, артынша гол соққан болатын. Бәлкім Андрейді негізгі құрамда шығару керек пе еді?

- Андрей бастапқы екі ойыннан кейін шаршап қалды, сондықтан біз бүгін Жуковқа мүмкіндік бердік. Бұның бәрі жоспар бойынша. Георгийді негізгі құрамда шығарғаныма еш өкінбеймін, бұл жігіт әлі де командаға пайдасын тигізеді.

- Ойын соңында қойылған пенальтимен келісесіз бе?

- Білесіз бе, кейбір кезде ойыншылар төрешіге манипуляция жасайды, бұл сондай сәттердің бірі болды.

- Исламхан соңғы уақыттары қызу ойнауда. Неліктен?

- Қызу емес, Бауыржан бір-екі рет доптан айырылған соң қатаң ойнай бастады. Ол әлі бабында емес. Бірақ Исламхан аянбай еңбек етуде, алдағы уақытта өзінің бұрынғы бабына оралады деген ойдамын.

- Елдос Ахметов соңғы ойындарда жиі қателесуде, неге ол үнемі негізгі құрамда шығады?

- Елдос - мықты ойыншы. Өзінің бұрынғы командасында жетекші ойыншылардың бірі болған. «Қайрат - үлкен команда, мұндай клубта бәрі ойнай бермейді. Ахметов кішкене қобалжуда, алайда біз оған тезірек команданың ойынына бейімделуге көмектесіміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или