«Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» ұта алмады

«Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» ұта алмады

ҚПЛ-дың  екінші туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады.

Кездесуді «Қайрат» ойыншылары белсенді бастағанымен, ойындағы алғашқы голды «Оқжетпес» соқты. Гол авторы Александр Козлов. Алматылық команда қақпасына гол жіберіп алғаннан соң, ойын тізгінін толығымен қолына алды. Нәтиже де ұзақ күттірмеді. Исаэл асырған айып соққысын Жарко Маркович голға айналдырды. Бірінші таймның қалған уақытында стадионға жиналған жанкүйерлер бұдан өзге гол көре алмады.

69d57968115e24da8abc59d669da4671.jpg

Екінші таймның 52 минутында «Қайрат» қорғаушысы Елдос Ахметов ойындағы екінші сары қағазын алып, командасын қиын жағдайда қалдырды. Дегенмен, бір ойыншы басымдығына ие болған «Оқжетпес» «Қайратты» қақпа маңына тықсырып сала алмады. Керсінше, алаңнын қожайындары өткір шабуылдарымен «Оқжетпес» қақпашысын жиі мазалаумен болды. Сондай сәттердің бірінде, қақпа маңындағы қарбаласта Аршавин мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ойынның соңғы минутында Волков пенальтиден есепті теңестірді. Осы есеп ойын соңына дейін өзгермеді.

ҚПЛ. 2-ші тур.

«Қайрат» - «Оқжетпес» 2-2

«Қайрат»: Плотников, Маркович, Суюмбаев, Арзо, Ахметов, Бакаев, Жуков (Аршавин), Исламхан (Элек), Барбоза, Қуат, Гоу.

«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Нейн, Козлов (Генков), Политыло, Хорват, Федин, Досмағамбетов (Юрин), Марочкин, Даиров, Волков.

Голдар: Маркович 34, Аршавин 83 - Козлов 19, Волков 90 (пенальтиден)

Ескертулер: Ахметов, Исламхан, Маркович,Суюмбаев – Козлов, Волков

Алаңнан қуылды: Ахметов 52.

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или