«Ордабасы» мен «Атырау» ұпай бөлісті
«Ордабасы» ел біріншілігінің 2-ші турында «Атыраумен» кездесу өткізді.
Ойын тең дәрежеде өтті десек болар. Бірінші таймда «мұнайшылар» алаң иелерін өз айып алаңына жібермей, ойынды орта алаңға ауыстырды. Атыраулықтар сапында қорғашы Томич жарақат алып, оның орнына алаңға Әбдрахманов шыққан болатын. Шымкенттіктер қарымта шабуылда қарсыласын бірнеше мәрте «ұстауға» тырысты. Бірақ бұл ойындағы есепке әсер етпеді.
Екінші таймда «Ордабасы» шабуылға ден қойды. Бірнеше рет қонақтардың қақпасын нысанаға алған алаң иелері қақпадан саңылау таба алмады. Шымкенттік шабуылшылардың соққаларын Пасеченко бірнеше мәрте қайтарған болатын. «Мұнайшылар» ойын соңында қарсылас қателігін тиімді пайдаланып, есеп ашты. Голды Обшивач соққан болатын. Бірақ қосымша уақытта Мардан Төлебек есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды.
ҚПЛ. 2-тур
«Ордабасы» - «Атырау» - 1:1
Голдар: Обшивач 85 - Мардан Төлебек 90+
«Ордабасы»: Алмат Бекбаев, Абдулай Диакате, Пабло Фонтанельо, Темірлан Ерланов, Бақдәулет Қожабаев, Кирилл Ковальчук, Мардан Төлебек, Азат Нұрғалиев (к), Никита Бочаров, Еркебұлан Тұңғышбаев, Таңат Нөсербаев.

Қосалқы құрам: Сергей Бойченко, Сагадат Тұрсынбай, Санат Жұмаханов, Әлібек Бөлешев, Бекзат Бейсенов, Қайрат Әшіррбеков, Талғат Адырбеков, Отар Марцваладзе, Александр Гейнрих.

«Атырау»: Андрей Пасеченко, Уча Лобжанидзе, Юре Общивац, Захар Коробов, Йован Джокич, Владимир Двалишвили, Шавкат Саломов, Вукашин Томич, Марат Хайруллин (к), Дәурен Қайраллиев, Алексей Маров.

Қосалқы құрам: Азамат Жомартов, Мирас Төлиев, Алтынбек Сапаров, Виталий Ли, Эльдар Абдрахманов, Айбар Нұрыбеков, Руслан Эсатов, Дәурен Мәжітов, Иван Родич.