Ел чемпионы Павлодарда ұпай алды
Қазақстан Премьер-лигасының 2-ші турында ел чемпионы «Астана» павлодарлық «Ертіске» қонаққа барды.
Ойын елордалық футболшылардың голымен басталды. 14-ші минутта Серікжан Мужиков алаң иелерінің қақапсына гол соққан.
Алайда 31-минутта Евгений Ткачук таразы басын теңестірді. Командаларға есепті өзгертуге мүмкіндік пен уақыт жеткілікті болғанымен, таблодағы көрсеткіш солай қалды – 1:1.
Осы матчтан кейін «Ертіс» 4 ұпай жинады. Ал бұл «Астананың» маусымдағы алғашқы ұпайы болатын. Чемпиондар әзірше 11-ші орында тұр.
«Ертіс» - «Астана» 1:1 (1:1)
Голдар: 0:1 – Мужиков 14, 1:1 – Ткачук 31
«Ертіс»: Лория, Кислицын, Ткачук, Воротников, Двали, Живкович, Гетериев, Родриго, Дарабаев, Фонсека, Фофана.
«Астана»: Мокин, Логвиненко, Аничич, Постников, Шомко, Мужиков, Маевский, Шитов, Лулаку, Кабананга, Твумаси.