«Қайсар» көш бастады

«Қайсар» көш бастады

Ел чемпионатының екінші турында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында «Таразды» қабылдады.

Бұл ойында есепті «Тараздың» ресейлік легионері Руслан Мухаметшин ашты. Ол 15-минутта қанжығасын майлаған. Араға жиырма минут салып, Владимир Аржанов таблодағы көрсеткішті теңестірді.

Ал 72-минутта бурундилік Саиди Нтибазонкиза «Қайсарды» есепте алға шығарды. Қорытынды есеп – 2:1, қызылордалық клуб екінші матчта да жеңіске жетті.

Осының арқасында, «Қайсар» алты ұпаймен жеке дара көш бастады. Ал «Тараз» бір ғана ұпаймен 8-ші орында тұр.

«Қайсар» - «Тараз» 2:1 (1:1)

Голдар: 0:1 – Мухаметшин 15, 1:1 – Аржанов 35, 2:1 – Нтибазонкиза 72

<span>«Қайсар»: Исламқұлов, </span><span>Аржанов, Граф, Камера, Курьор, Ламандж, Николич, Әмірсейітов, Байжанов, Евстигнеев, Нәрзілдаев.</span>

<span>«Тараз»: Бабаханов, Диара, Фещук, Мухаметшин, Шипицин, Горбанец, Кургулин, Әмірханов, Молтусинов, Таубай, Қожамберді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или