«Ақжайыққа» жарамаған ойыншы Сербияда хет-трик жасады

«Ақжайыққа» жарамаған ойыншы Сербияда хет-трик жасады

Былтыр «Ақжайықтың» намысын қорғаған Мирослав Лечич сербиялық «Ягодинаға» қайта оралды.

Кеше ел чемпионатында «Колубараға» қарсы ойында 31 жастағы Лечич бұрынғы командасына қайта оралған соң алғашқы матчына қатысып, бірден хет-трик жасады. «Ягодина» 3:0 есебімен жеңді.

Былтыр Лечич оралдық клуб сапында 16 матчқа қатысып, 5 гол соққан. Биылғы маусымда да «Ақжайықта» қалғысы келген, алайда батысқазақстандық команда оны алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или