«Тобыл» өз алаңында «Ақтөбемен» тең түсті

«Тобыл»  өз алаңында «Ақтөбемен» тең түсті

«Тобыл»  ҚПЛ-дың екінші туры аясында «Ақтөбені» қабылдады.

Алғашқы таймның басында екі команда да соққы алмасып үлгерген. Қостанайлықтар сапында Деспотович пен Савич қарсылас қақпасына шабуыл ұйымдастырса, қонақтардың қатарынан Зенькович бірнеше мәрте соққы жасады. Бірінші таймда есеп ашылмады.

Екінші таймда алаң иелері басымдықты өз қолына алып, Щеткин, Деспотович, Шимкович үштігі Отарбаевтің қақпасын маңайлаумен болды. Рахаев алаңға тыңнан Воловик пен Байтананы шығарып, бірінші турда жоғалтқан ұпайдың орнын толтыруға ұмтылған. Бірақ, одан түк шықпады. Ойынның соңына таман қостанайлықтар қарсыластарын қыспаққа алған болатын. Бірақ шабуылдары нәтижесіз аяқталды. Қорытынды есеп - 0:0. Екі команда ұпай бөлісті. 

 

 

ҚПЛ. 2-тур

«Тобыл»  - «Ақтөбе» - 0:0

«Тобыл»: Непогодов, Деспотович, Кассай, Савич, Шимкович, Дмитренко, Мирошниченко, Мухутдинов, Сартаков, Щеткин, Тағыберген.

Қосалқы құрам: Бусурманов, Жулпа, Шұбаев, Жалилов, Жақыпов, Жаңғылышбай, Жарынбетов, Малый, Молдақараев.

 

«Ақтөбе»: Отарбаев, Кассиано, Жуниньо, Папа, Мамучи, Айтбаев, Аслан, Дәуітов, Зенькович, Шестаков, Шурыгин.

Қосалқы құрам: Тамабай, Воловик, Ермаченко, Әбдікәрімов, Байтана, Розыбакиев, Кәкімов, Жұмағали, Скворцов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или