Педру Кашинья «Рейнджерс» бапкері қызметіне тағайындалды

Педру Кашинья «Рейнджерс» бапкері қызметіне тағайындалды

2017-ші жылдың ақпанында «Рейнджерс» командасының жаттықтырушысы Марк Уорбертон қызметінен кеткен болатын.

Содан бері команданы жастар құрамының бапкері Грэм Марти жаттықтырып келген. Бүгін «Рейнджерс» командасы португалиялық менеджер Педру Кашиньямен үш жылдық келісімге келгендігін хабарлады.

Педру Кашинья өзінің жаңа қызметін жоғары бағалады:

«Мен үшін «Рейнджерс» командасына қосылу үлкен құрмет. «Рейнджерс» — өзіндік тарихы мен дәстүрін қалыптастырған клуб. Мен Уолтер Смит, Грэм Сунесс және Джок Уоллес сында менеджерлердің ізін басқанымды мақтан тұтамын. «Рейнджерс» — бүкіл әлемге танымал есім. Ендігі менің қалауым бізді қолдайтындардың барлығымен тездетіп тіл табысып, ойыншылардың әрқайсымен жеке-жеке кездесу. Менің алдымда тұрған жұмыс қыруар. Алайда мен жанкүйерлермен бірлесе отырып үлкен жеңістерге қол жеткізетінімізге сенімдімін».

Кашинья Португалия мен Мексикада қызмет атқарған. Оның соңғы клубы катарлық «Аль-Гараф».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или