Мексикалық төреші 30 секундтың ішінде үш қызыл қағаз көрсетті
<span>Мексика Кубогының 1/8 финалының бас төрешісі Мигель Родригес «Монаркас» - «Толука» матчы кезінде 30 секундта Толука-де-Лердо клубының 3 ойыншысын алаңнан қуып шықты. </span>
<span>ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, есеп 2:2 болып жатқан сәтте жартылай қорғаушы Кесус Мендеске дөрекі ойыны үшін екінші сары қағаз көрсетілді. Осы оқиғадан соң «Толуки» командасының голкипері Альфредо Талавера өзінің клубтасына жақтасып, ол да екінші сары қағазын алды. Шабуылшы Энрике Триверио болса, арбитрді итергені үшін бірден алаңнан қуылды. </span>
<span>Осылайша небәрі 8 ойыншысымен қалған «Толукки» өкілдері ойынның тең аяқталуына қол жеткізді. Алайда олар пенальтиден 2:3 есебімен қарсыластарына есе жіберіп алды.</span>
<span></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или