«Ювентус» «Миланды» ұтты

 «Ювентус» «Миланды» ұтты

Италияның А сериясының 28-ші турының орталық кездесуі «Ювентус» пен «Милан» арасында өтті.

Ойынның бірінші таймында Бенатиа гол соғып «Ювентусты» алға шығарған. Кездесудегі екінші гол ойынның 43-ші минутында соғылды. Есепті теңестірген Бакка болатын.

Матчтағы жеңіс голын ойынның 97-ші минутында Дибала пенальтиден соқты. Жалпы есеп 2-1 «Ювентус» пайдасында.

Осы ойыннан соң «Ювентус» екінші орындағы «Ромадан» 11 ұпай ұзап кетті. Ал «Милан» болса 50 ұпаймен 7-ші орында.

Италия Чемпионаты

28-ші тур

«Ювентус» - «Милан» - 2:1 (1:1)

Голдар: Бенатиа, 30 (1:0). Бакка, 43 (1:1). Дибала, 90+7 - пенальтиден (2:1).

«Ювентус»: Буффон, Барцальи (Лихтштайнер, 46), Бонуччи, Бенатиа (Ругани, 78), Асамоа, Дани Алвес, Пьянич, Хедира, Дибала, Пьяца (Кин, 89), Игуаин.

«Милан»: Доннарумма, Де Шильо, Сапата, Палетта, Романьоли, Бертолаччи, Соса, Пашалич (Поли, 71), Окампос (Ванджони, 90), Бакка (Куцка, 55), Деулофеу.

Ескерту алғандар: Пашалич, 23. Бенатиа, 36. Деулофеу, 39. Окампос, 57. Романьоли, 61. Хедира, 87. Соса, 89.

Алаңнан қуылды: Соса (Милан), 90+3.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или