Раньери «Палермо» клубын жаттықтыруы мүмкін
«Палермо» клубы бас бапкер қызметіне Клаудио Раньериді шақыруды жоспарлап отыр.
Corriere dello Sport хабарлауынша, «Палермо» клубының жаңа қожайындары 65 жасар италияндық бапкерді клубқа шақырғысы келеді, алайда Клаудио Раньеридің жалақысы мәселесіне байланысты қиындықтар тууы мүмкін.
Қазір «Палермо» клубын Диего Лопес жаттықтырады. Оның келісім шарты 2017/2018-ші маусымда аяқталады.
Италия біріншілігінің аяқталуына он бір тур қалғанда «Палермо» турнирлік кестенің соңғы жағында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или