Томас Мюллер: Футболшылар қазір тауар секілді

Томас Мюллер: Футболшылар қазір тауар секілді

«Баварияның» шабуылшысы Томас Мюллер киім ауыстыратын бөлмеге бейнекамералардың қойылуы мен қытайлық клубтардың футболшыларға төлейтін жалақысы жайлы пікір білдірді.

«Киім ауыстыратын бөлмедегі камералар мен үшін ерсі көрінеді. Бұл жағдай болғанға дейін мансабымды аяқтап үлгеремін деп ойлаймын. Киім ауыстыратын бөлмеде камера болма са да сіз ештеңені жіберіп алмайсыз. Команда сол жерде өмір сүреді. Ал, сондағы нәрселер ешкімге қызық болмайды. Киім ауыстыратын бөлмедеге камера қою дұрыс емес.

Қытай ма? Ол жақтағы жалақы ақылға қонбайды. Ешбір адам ондай сомаға лайық емес. Біздің уақытта футболшылар тауар секілді. Бірақ бұл бізге әсер етпеуі тиіс. Егер сен өзіңнің трансферлік құныңды ойлай бастасаң, өзіңді қыспаққа аласың.

Жеке өзім бұған бас ауыртпаймын. Бұл жерде алаңға шығып, командағы көмектесіп, титул ұту керек. Бірақ сен футболшы болсаң, бизнестің бір бөлігі екеніңді де түсінуің керек. Біз бәріміз үлкен цирктің бір бөлшегіміз. Бұны бос жіберуге болмайды. Әйтпесе ақылыңнан адасуың мүмкін», - деді Мюллер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или