Отандық футболшы сүйіктісіне матч кезінде ұсыныс жасады (фото)

Отандық футболшы сүйіктісіне матч кезінде ұсыныс жасады (фото)

«Екібастұздың» жартылай қорғаушысы Мұратхан Зейноллин «Ертіс» пен «Ақжайық» арасында өткен матчтың үзілісі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Футболшының танысы мұндай тосын сыйды күтпеген. Ол сайысқа қатысу мақсатымен алаңға түседі. Сол сәтте аюдың костюмін киіп алған ғашығы оның алдынан шыға келген. 
5a31558bf1ff6f2486a3425c6b6db301.jpg
Зейноллин аюдың бетпердесін шешіп, ғашығына жүзік ұсынды. Бойжеткен көпшілік алдында футболшыға тұрмысқа шығуға келісімін берді.
4cfde88b259d9316e4abd791c30e45be.jpg
22 жастағы Зейноллин - павлодарлық футбол мектебінің түлегі. 2013-2015 жылдар аралығында «Ертістің» дублінде доп тепті. Ал, өткен маусымын «Екібастұздың» бірінші лигасында өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или