«Камп Ноудағы» ғажайып камбэк (+Бейнешолу)

«Камп Ноудағы» ғажайып камбэк (+Бейнешолу)

«Барселона» өз алаңында ПСЖ-ны қабылдап, алғашқы ойындағы 4 доп айырмасына қарамастан, келесі кезеңге өтті. 

Алғашқы ойында 0:4 есебімен ұтылған каталониялықтар, өз алаңында алты гол соғып, жеңіске жетті. Алғашқы минуттардан алға ұмтылған алаң иелері, бірден қақпаны көздеуге көшті. Ойынның үшінші минутында-ақ Суарес қақпадан саңылау тапты. Ал 40-шы минутында Курзава өз қақпасына гол соғып алды. 

Екінші таймның басында Месси пенальти теуіп, есепті еселей түсті. Ал, 12 минут өткеннен кейін Кавани гол соғып, каталониялықтардың жігерін құм еткендей болған. Бірақ, алаң иелері табандылық танытып, шабуылды үдете түсті. 88-ші минутта Неймар қақпаны дәл көздесе, 91-ші минутта пенальтиден гол соқты. Ал, ойынның соңғы минутында Серхио Роберто алтыншы рет париждіктердің қақпасында доп тулатты. Қорытынды есеп - 6:1, «Барселона» 1/4 финалға шықты.

Чемпиондар лигасы. 1/8 финал. «Камп Ноу» 

«Барселона» - ПСЖ - 6:1

Голдар: Суарес 3, Курзава 40 (автогол), Месси 50 (пенальтиден), Неймар 88, 91 (пенальтиден), Серхио Роберто 95 -  Кавани 62

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или