Елдос Ахметов: «Биыл чемпионат өте тартысты болмақ»

 Елдос Ахметов: «Биыл чемпионат өте тартысты болмақ»

«Қайраттың» қорғаушысы Елдос Аметов Prosports.kz тілшісіне «Ақтөбемен» өткен матч жайлы айтып берді.

- Біріншіден, барлық қазақстандықтарды футбол маусымының ашылуымен құттықтаймын. «Қайрат» сапында ел чемпионатындағы бірінші кездесуім болған соң кішкене қобалжу болды. «Ақтөбе» – мықты ойыншылардан жасақталған команда. Бірақ біз өз жанкүйерлеріміз алдында аянбай, жеңісті нәтижеге қол жеткізе алдық. Минималды есеппен жеңсек те, ең бастысы үш ұпай еншіледік. Қазір нақты қай ұжым бәрінен күшті екенін айту әлі ерте. Бастапқы 5-6 турдан кейін бәрі белгілі болады.

- «Ордабасы» «Астананың» қапқасына үш жауапсыз гол соқты дейсіз бе? Елордалық команда көп гол жіберіп алған сияқты. Есесіне, бірінші тур болған соң, мұндай нәтижелер жиі тіркеледі. Премьер-лигаға шыққан «Қайсар» да «Оқжетпесті» жеңіп кетті. Жалпы биыл чемпионат өте тартысты болмақ. Қызықтың бәрі алда, - деді Елдос.   

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» ел біріншілігінің бірінші турында өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или