Аздрен Ллуллаку: Алдағы кездесулерде сәтті ойын көрсететінімізге сенемін
Аздрен Ллуллаку бүгін шымкенттік «Ордабасы» командасына қарсы кездесуде алаңға шығып, Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы кездесін өткізді. Қарсылас қақпасына бірнеше рет соққы жасаған Албания құрамасының шабуылшысы гол соға алмады.
Елордалық команданың су жаңа «ондығы» өзінің деюбютты ойыны туралы клубымыздың баспасөз қызметіне айтып берген еді:
- Бүгін тартысқа толы, өте қиын ойын болды. Біз ойынды жақсы бастап, бірнеше жақсы шабуыл ұйымдастырдық. Ойынның басында өзімде болған мүмкіндікті сәтті пайдаланғанда, ойын әрмен қарай басқаша жалғасатын ба еді. Өз қақпамызға жіберген голдан кейін, барлық күшімізді шабуылға жұмсауға тура келді. Ал, қарсылас команда қарымта шабуылда сәтті ойнай білді. Біз өзімізде болған мүмкіндіктерді сәтті пайдалана алмадық, ал қарсыластарымыз керісінше. Біз үшін маусым өте сәтсіз басталды. Дегенмен, команда құрамында тәжірибелі ойыншылар жинақталған. Сол себепті, біз алдағы кездесулерде сәтті ойын көрсететінімізге сенемін.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» командасы келесі кездесуін 12 наурыз күні Павлодар қаласында жергілікті «Ертіс» командасына қарсы өткізеді. Ал елордалық команда өз алаңындағы алғашқы кездесуін 17 наурыз күні оралдық «Ақжайық» командасына қарсы өткізеді.
fca.kz