Омари Тетрадзе: Ойыншылар мінез көрсетіп, жеңіске жетті
«Тобылдың» жаттықтырушысы Омари Тетрадзе атыраулық клубпен болған ойынның қорытындысын шығарды.

Біз чемпионатқа барынша дайындалдық. Бірінші ойында ойыншылардың қобалжитынын білдік. Өзіміздің көрсеткіміз келген ойынды шығара алмадық. Ойыншылар мінез көрсетіп, жеңіске жете алды. Мен оларға осы үшін алғыс айтамын. Бүгінгі қателіктердің барлығы қобалжудың кесірінен болды деуге болады. Екінші таймда өзіміздің футболды көрсете алдық.

- Щеткинге не болды? Оның ойынын қалай бағалайыз?
- Денсаулығаны келсек, бәрі жақсы. Оны сақтап қалуға тырыстық. Жасанды алаңның әсері десек болар. Ойын жайлы айтсақ, егер шабуылшы гол соқса, онда бәрі жақсы.
- Ойында не ұнамады?
- Допты бақылау ұнамады. Өз алаңымыздағы ойында әдемі футбол көрстіп, жанкүйерлерді қуанқымыз келді.
- «Тобыл» осы жылы құрамын жаңартты. Сіз тактиканы өзгерттіңіз бе?
- Біз ойыншы үшін ештеңені өзгертпейміз. Өз ойынымызды ойнауға тырысамыз. Тактика тек біреу ғана. Қарсыластар бізге байланысты тактикасын өзгерте берсін.
- Келесі ойындарға да осылай шығасыздар ма?
- Келесі ойынға дейін 4 күн бар. Қарсыластарымыздың қалай ойнағанын көреміз. Одан кейін шешім шығара берсек болады.