Суюмбаев: Басты фавориттер - «Қайрат», «Астана», «Ордабасы» мен «Тобыл»

Суюмбаев: Басты фавориттер - «Қайрат», «Астана», «Ордабасы» мен «Тобыл»

«Қайраттың» қорғаушысы Гафуржан Суюмбаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында биылғы маусымның фавориттерін атады.

- Бүгінгі ойын өте тартысты өтті. 2-3 гол соғуымыз мүмкін еді, бірақ гол жіберіп алуымыз да ықтимал болған. Жалпы нәтижеге көңілім толды. «Ақтөбе» жақсы ойын көрсетті деп ойлаймын.

- «Ордабасы «Астананың» қақпасына үш жауапсыз гол соқты. Бұл нәтиже сізді таң қалдырды ма?

- Әрине, бұл нәтиже мені таң қалдырды. «Ордабасы» 5-6 жыл болды, «Астананы» ірі есеппен жеңген емес. Қазір бұрынғы әріптестерімді құттықтаймын, бірінші болып Мардан Төлебекке хабарласатын шығармын (күлді).

- Биылғы маусымның басты фавориттері кім?

- Менің ойымша, жаңа маусымның фавориттері - «Қайрат», «Астана», «Ордабасы» және «Тобыл». Кім жеңетінін тек уақыт көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или