Дәуітов: Бүгінгі жеңілісіміз үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз

Дәуітов: Бүгінгі жеңілісіміз үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз

Қазақстан премьер-лигасының бірінші турындағы «Қайрат» - «Ақтөбе» ойынынан кейін Дамир Дәуітов өз пікірімен бөлісті.

- Ойын жайлы пікіріңізбен бөліссеңіз...

 - Бірінші тур болғандықтан, ойын қиын болды. Кездесудің басында өз ойынымызды таба алмадық. Тек матчтың соңына таман өз күшімізге сене бастадық.

- Қарсылас команда жайлы не айта аласыз?

 - «Қайрат» осы маусымның басты фавориті саналады. Сондықтан, біз бүгінгі кездесуде екінші нөмірмен ойнадық. Соңғы кезде алматылықтардың құрамы аса өзгеріске ұшыраған жоқ. Команданың ойынын жүргізетін футболшылардың барлығы негізгі құрамда алаңға шықты.

- Осы маусымға дайындық қалай өтті?

- Ақырғы ОЖЖ Шымкентте өтті. Айтарлықтай өзгерістер болды деп айта алмаймын. Бәрі қалыпты десек болар.

- Бүгінгі ойынға жеке өзіңе бапкер қандай нұсқау берді?

- Бүгінгі ойында вингердің рөлін атқардым. Қорғаныста да, шабуылда да командаға барынша көмектесуге тырыстым. «Қайрат» матчта айтарлықтай басымдыққа ие болды деп айта алмаймын. Ойын тағдырын бір гол шешіп кетті. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бүгін Алматыда олардың қолдауын сезіндік. Келесі турда «Тобылмен» кездесеміз. Сол ойында жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысамыз.

- «Қайратты» чемпионаттың бас фавориті деп атап өттіңіз. Дегенмен, алматылық ұжымның бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе «Ақтөбені» чемпионаттың фавориттерінің қатарына қосты. Бұған не айтасыз? 

- Әрине, оның сөздері жанға жағады. Осы маусымда Цхададзенің сөзін шындыққа айналдыруға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или