Бауыржан Байтана: Сидельниковтың туған күніне сыйлық жасай алмадық

Бауыржан Байтана: Сидельниковтың туған күніне сыйлық жасай алмадық

Қазақстан премьер-лигасының бірінші турындағы «Қайрат» - «Ақтөбе» ойынынан кейін жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана өз пікірімен бөлісті.

 - Бүгінгі ойын жайлы айтып өтсең...

- Ең алдымен, оқу-жаттығу жиыны жақсы өтті. ҚПЛ-дың басты фаворитінің бірі «Қайратқа» қарсы ойнау оңайға соқпайды.

«Ақтөбе» сенің мансабыңдағы жаңа команда. Командаға бейімделуің қалай өтті?

- «Ақтөбе» жақсы команда. Жақсы ойыншылар бар. Командаға бейімделдім деп айтуға болады.

- Ойынға қандай тактика қойылды? Жеңіске жету үшін бапкерден қандай тапсырма алдыңдар?

- Матчтың басында қарсыласты қыспаққа алуға тырыстық және ол қолымыздан келді деп ойлаймын. «Қайрат» әр ойында бірінші нөмірмен ойнап үйренген. Сондықтан бапкер бізге қарымта шабуылға көңіл беруді нұсқады. 

- Осы турдағы басқа ойындардың нәтижесіне таңқалған жоқсың ба?

- Шынымды айтсам, әлі нәтижелерді білмеймін де.

- «Ордабасы» «Астананы» 3:0 есебімен және «Тобыл» «Атыраудан» дәл осы есеппен басым түсті. Турнир кестесінде жеңіске жеткен екі клуб көш бастап тұр.

- Иә, таңқалып тұрмын. Егер олар осындай есеппен жеңіске жетсе, онда олар жақсы дайындықпен келген болар. Дегенмен, бұл тек бірінші тұр. Сондықтан да, ерте шешім қабылдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

- Бүгін, 8-ші наурыз, халықаралық әйелдер күні және әріптесіңіз Андрей Сидельниковтың туған күні. Бүгін оны құттықтадыңыздар ма?

- Иә, біз оны ойынның алдында құттықтадық. Бүгін оның туған күніне жеңіс сыйлай алмағанымыз өкінішті. Келесі турда жеңіске жетсек, оған сыйлық болары анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или