Кахабер Цхададзе: «Ақтөбе» қыспаққа шыдай алмай, қателесе бастады»
«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе «Ақтөбемен» өткен кездесу туралы айтып берді.
- Барлықтарыңызды жаңа футбол маусымның ашылуымен құттықтаймын. «Астанамен» өткен ойыннан кейін жігіттер эмоционалды түрде шаршап қалды,сондықтан бізге агрессия жетіспеді. Сондай-ақ, Сидельников командасын талай рет голдан құтқарды. Екінші таймда «Ақтөбені» қыспаққа алғаннан кейін олар қателесе бастады. Бұл қателікті пайдаланып, матчты өз пайдамызға аяқтадық.
- Ойбек Балтабаев бүгін негізгі құрамда шықты. Бұл ойыншының өнеріне қандай баға бересіз?
- Балтабаев маған бірден ұнады. Біз оны жазда сатып алған болатынбыз. «Іле Сәулетке» қарсы ойында ол өзін мықты қырынан көрсетіп, назарымызға ілінді. Ойбек - болашағынан үлкен үміт күттіретін жігіттердің бірі. Исламбек Қуат регламентке сәйкес бүгінгі ойынға қатыса алмады, сондықтан Ойбекті негізгі құрамда шығардық. Жуковты да бірінші минуттан ойнатуға болар еді, бірақ мен оны басқа позицияда көріп тұрмын.
Естеріңізге сала кетсек, <span>«</span>Қайрат<span>»</span> ҚПЛ-дің бірінші турында <span>«</span>Ақтөбені<span>»</span> 1:0 есебімен жеңген болатын.