«Қайрат» ел чемпионатын жеңіспен бастады

«Қайрат» ел чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін «Қайрат» футбол клубы Қазақстан біріншілігінің 1-ші турында өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.

Алматының Орталық стадионында өрбіген тартысты ойында бір гол ғана соғылды. 

Бірінші таймның 22-ші минутында Исаэль айып соққыдан қақпа бағанасына тиді. Көп ұзамай «Ақтөбе» қауіпті шабуыл ұйымдастырған, алайда Кассианоның алыстан бағыттаған соққысы қақпадан сәл биік кетті. Артынша, Андрей Аршавин Исаэльдің пасынан кейін Сидельниковтан айласын асыра алмады. Үзіліске дейін Исаэль таблода есеп ашуға жақын болған. Бірақ оның соққысын ақтөбелік қорғаушылар сәтті қайтарды.

1107d6c5c8ebae18a3e9369f0bbd2a9a.jpg

Екінші кезеңнің басында Цхададзе Аршавинді Иво Иличевичке алмастырды. Хорватиялық футболшының алаңға шығуымен алматылық команда белсенді ойнай бастады. Исаэл ойынның 63-ші минутында кезекті жойқын соққысын бағыттаған – Сидельников өз орнында. Араға бір минут салып Жерар Гоу бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, кездесуде есеп ашты – 1:0.

Матч соңына дейін нәтиже өзгермеді. Осылайша, «Қайрат» жаңа маусымды жеңіспен бастады. 

ҚПЛ – 2017. 1-ші тур

«Қайрат» – «Ақтөбе» 1:0 (0:0)

Гол: Гоу 64

«Қайрат»: Покатилов, Маркович, Суюмбаев, Арзо, Ахметов, Бакаев, Балтабаев, Исламхан (к) (Жуков 76), Исаэл (Вороговский 87), Аршавин (Иличевич 45), Гоу

Қосалқы құрам: Плотников, Вороговский, Қуантаев, Тұрысбек, Иличевич, Райымбек, Жуков, Грубов.

«Ақтөбе»: Сидельников, Кассиано, Джуниор, Воловик, Гуйе, Юри Альмейда, Аслан, Байтана (Зенькович 65), Дауытов (Кәкімов 76), Шестаков, Шурыгин

Қосалқы құрам: Отарбаев, Ермаченко, Сәулет, Әбдукәрімов, Айтбаев, Зенькович, Розыбакиев, Кәкімов

Бас төреші: Фуркат Атажанов (Шымкент)

Алматы қ., Орталық стадион. 8 наурыз 2017 ж.

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или