«Ертіс» «Ақжайықты» ұтты

«Ертіс» «Ақжайықты» ұтты

Қазақстан премьер лигасының алғашқы турында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдады.

Бұл кездесудің бірінші таймында қарсыластар тең ойын көрсетті. Бірінші жартылық 0:0 есебімен аяқталды. Ал екінші таймның 46-шы минутында алаң қожайындары қарсыластың қақпасынан саңылау тапты. Голдың авторы Аслан Дарабаев. Кезектескен шабуылдардың нәтижесінде 83 минутта «Ақжайықтың» ойыншысы Коронел есепті теңестірді. Алайда, ойынның 89 минутында пенальтиді сәтті орындаған Живкович «Ертіске» жеңісті сыйлады.

ҚПЛ 1-ші тур. «Ертіс» - «Ақжайық» (0:0) 2:1.

«Ертіс»: Лория, Фонсека, Бандо, Живкович, Родриго, Ткачук, Калинин, Кислицын, Воротников, Дарабаев, Шабалин

«Ақжайык»: Котляр, Говедарица, Николич, Одибе, Изу, Дельгадо, Дудченко, Шмидт, Сапанов, Сергиенко, Заречный

 Голдар: Дарабаев (46)10 , Фредди Коронел (83) 1:1, Живкович (пенальтиден 89) 2:1.

Төреші:  Тимур Кумашев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или