«Қайсар» соңғы минутта жеңісті жұлып алды
«Қайсар» Қызылордада» «Оқжетпесті» қабылдады.
Байжанов бастаған қызылордалықтар өз алаңында бірден шабуылға көшті. Ойын көбіне орталық алаңда өрбіді десек болар. Екі команда да шабуыл жасап, гол соғатын мүмкіндікке ие болды. Бірақ бірінші таймда екіжақ та қақпадан саңылау таба алмады.
Екінші таймды да командалар тең дәрежеде өткізді. Қызылордалықтар Стаменкович қақпасына бірнеше мәрте қауіпті шабуыл ұйымдастырды демесеңіз, ойын бірқалыпты өтті. Ойын соңында көкшетаулықтар қақпасына пенальти белгіленіп, Николич гол соқты.
Қорытынды есеп -1:0. «Қайсар» алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
ҚПЛ. І – тур. 8 наурыз, 2017 жыл. Қызылорда
«Қайсар» - «Оқжетпес» - 1:0
Гол: Николич 90+ (пенальтиден)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или