«Ордабасы» ел чемпионын ұпайсыз қалдырды

«Ордабасы» ел чемпионын ұпайсыз қалдырды

«Ордабасы» ҚПЛ-дың осы маусымдағы бірінші туры аясында ел чемпионы «Астананы» қабылдады.

Ойын басталғаннан командалар қақпаға қауіп төндіре қоймады. Тек матчтың 15-ші минутында Мардан Төлебек гол соғып, командасын алға жетеледі. Бірінші таймда командалар жалғыз голмен шектелді.

Екінші таймды бәсең бастаған командалар ұзақ уақыт гол соға алмады. Матчтың 75-ші минутында команда капитаны Азат Нұрғалиев есепті еселеп, басымдықты нығайта түсті. Ал, 88-ші минутта Диакате үшінші голды соғып, астаналықтардың жігерін құм етті.

Қорытынды есеп - 3:0, шымкенттік ұжым алғашқы 3 ұпайын алды.

ҚПЛ. І – тур. 8 наурыз, 2017 жыл. Шымкент

«Ордабасы» - «Астана» - 3:0

Голдар: Төлебек 15’, Нұрғалиев 75', Диакате 88'

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или