Андреа Пирло: Жақында мансабымды аяқтайтыныма сенімдімін

Андреа Пирло: Жақында мансабымды аяқтайтыныма сенімдімін

«Нью-Йорк Сити» клубының ойыншысы Андреа Пирло жақын уақытта спорттық мансабын аяқтайтынын айтты.

«Мен әлі спорттық мансабымды аяқтаған соң немен айналысатынымды шешкен жоқпын. Маған қандай жұмыс лайықты болатынын ойлануым керек. Мүмкін бапкер, болмаса директор. Менің келісім шартымның аяқталуына бір жыл қалды. Сондықтан әлі қай күні спорттық мансабыма нүкте қоярымды білмеймін. Алайда жақында аяқтайтыныма сенімдімін. Әрине, менің әлі де он жыл ойнағым келеді. Себебі мен футболдан ләззат аламын. Футбол ойнау менің қолымнан келетін істердің қатарындағы ең үздігі. Бірақта, дер кезінде өзімнің қалауыммен қойғаным дұрыс. Біреулер айтпай тұрып», — деді 37 жасар Пирло.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или