Жилберто Силва: «Венгерге кету керек»

 Жилберто Силва: «Венгерге кету керек»

«Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Жилберто Силва жаттықтырушы Арсен Венгердің жұмысынан кетуі керек деп есептейтін жандардың бірі.

«Венгердің кетуі керек деп ойлаймын.Мәселе оның бұл жұмысты атқаруға күш-қуаты жетпегенінде емес. Басқа клубтар жұмысқа деген қарым-қатнасын өзгертті. Ал Венгер болса анау айтқандай өзгере қоймады. Бұл дегеніміз Венгердің өзгергісі келмегендіктен емес. Жыл сайын жаңа ойыншыларға қыруар ақша жұмсайтын клубтарға қарсы тұру оңай шаруа емес.Венгер АПЛ-де өзге бапкерлерге қарағанда әлдеқайда көп уақыт жұмыс жасады.Өзгелері әлі жас, бойларында күш-қуат тасып тұр және ақшалары да көп. Оларға Венгердің командасын жеңу оңайырақ»,- деді Жилберто Силва.<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или