«Наполи» - «Реал»: қызықтың бәрі алда
Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Реал» мен «Наполи» арасындағы алғашқы кездесуде 3:1 есебімен испаниялық команда жеңіске жеткен.
Дегенмен, «Наполи» сырт алаңда соққан голының арқасында келесі кезеңге өту мүмкіндіктерін жоғалта қойған жоқ. Оның үстіне бүгінгі Реал да өзінің үздік ойынын көрсете алып жүрген жоқ.
«Лас-Пальмас» соққан үш голды «Наполи» де соға алады дейді футбол мамандары. Италияның А сериясының соңғы ойынында «Романы» сырт алаңда тізі бүктірген Марадоннаның бұрынғы командасы бүгінгі ойында да ерлік жасасақ дейді. Алайда Чемпиондар лигасының он бір дүркін чемпионы Италия жеріне тек қорғану үшін келмегені анық.
Қос команда арасындағы кездесу Астана уақытымен 01:45 те басталады. Ойынды ҚазСпорт арнасы көрсетеді. Немесе ойынның тікелей транслациясын мына жерден таба аласыздар.

