«Арсенал» - «Бавария»: тікелей трансляция
«Арсенал» - «Бавария» кездесуінің тікелей трансляциясын мына жерден таба аласыздар.
Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Бавария» мен «Арсенал» арасындағы теке-тірестің нәтижесі бірінші ойында ақ белгілі болды. «Арсенал» клубының жанкүйерлері жеребе сүйікті командаларын «Бавария» клубымен жұптаған күннен бастап жеңістен үмітін үзе бастаған. Себебі, дәл қазіргі «Арсеналда» «Баварияға» қарсылық көрсете алатындай шама жоқ. «Бавария» өз алаңындағы ойында 5-1 есебімен жеңіске жетіп келесі кезең мәселесін біржола шешіп тастаған.
Ендігі «Арсеналға» қалғаны жанкүйерлерін жерге қаратпай өз алаңында жеңіске жетіу. Алайда олардың бұл ойымен «Бавария» келісе қоюы екіталай.

Бүгінгі кездесуге алғашқы минуттан шығатын ойыншылардың есімдері де белгілі болған.
«Арсенал»: Оспина; Бельерин, Мустафи, Косьельни, Монреаль; Коклен, Джака; Окслейд-Чемберлен, Ивоби, Уолкотт; Санчес.
«Бавария»: Нойер; Рафинья, Мартинес, Алаба, Бернат; Киммих, Альканатара, Мюллер; Коста, Роббен; Левандовски.
