Бруно Соарес «Хеугесунн» ойыншысы атанды
Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы қорғаушысы Бруно Соарес норвегиялық «Хеугесунн» клубымен келісім жасады. Бұл туралы ойыншы өзінің Инстаграмында жариялады.
«Хеугесунн» 2013-ші жылы Норвегия біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Сонымен қатар, Норвегия кубогының финалына үш рет шыққан. Екінші дивизионда чемпион болған.
Естеріңізге салсақ, Бруно Соарес «Қайратқа» 2015-ші жылы ауысқан. Алайда ауыр жарақаттан соң команданың негізгі құрамына іліге алмай қалған. Ал биылғы маусым алдында алматылық клубтан кеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или