Ибрагимович үш ойынға шеттетілді
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Златан Ибрагимович өз командасына алда болатын АПЛ-дың үш ойынында көмектесе алмайды.
Англия футбол ассоциациясы ойыншыны «Борнмутқа» қарсы ойындағы тәртіпсіздігі үшін үш ойынға шеттетіп отыр. Енді ол «Челси», «Мидлсбро» және «Вест Бромвича» командаларымен болатын ойынға қатыса алмайды.
Естеріңізге салсақ, АПЛ-дың 27-ші турында «Манчестер Юнайтед» пен «Борнмут» кездесіп 1-1 есебімен тең тарқасқан. Ойында Ибрагимович пенальти соға алмады. Сондай ақ «Борнмут» ойыншысы Тайрон Мингсты ойын сәтінде шынтақпен ұрып құлатқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или