Армения-Қазақстан ойынына билеттер 2600 теңгеден басталады

Армения-Қазақстан ойынына билеттер 2600 теңгеден басталады

2018-ші жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Армения мен Қазақстан құрамалары арасында өтетін ойынның билеттері сатылымға шықты.

Армения футбол федерациясының сайтында билеттердің құны төмендегідей:

Оңтүстік және солтүстік трибуналар - 2600 теңге (4000 драм)

Шығыс трибуна - 3250-4500 теңге (5000- 7000 драм)

Батыс трибуна - 5200-6500 теңге (5200-10000 драм)

Естеріңізге салсақ, Ойын 26-шы наурыз күні Армения астанасы Ереванда өтеді. Қазақстан құрамасы іріктеуде төрт ойын өткізіп, екі ұпаймен соңғы орында келеді. Осы ойын қарсаңында Қазақстан құрамасында бапкер ауысып, құрамаға ресейлік маман Александр Бородюк келген болатын. Армения құрамасы бізден бір ұпай артық жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или