Алып-сатарлар «Ростов» - МЮ матчының билетін 5,5 млн теңгеге сатуда
Еуропа лигасының 1/8 финалындағы «Ростов» пен «Манчестер Юнайтед» матчының барлық билеттері сатылып кеткен болатын.
Енді алып-сатарлар өз істеріне кірісе бастады. Мысалы, Avito сайтында белгісіз біреу осы матчтың билетін бір миллион рубльге сатып жатыр. Бұл билеттің негізгі құны – мың рубль.
Теңгемен шыққанда алып-сатарлар бұл билетті, шамамен, 5,5 миллионға сатуда.
Бұдан бөлек ғаламторда аталмыш кездесудің билеттерін 20-100 мың рубль арасында сатылып жатыр.
Айта кетейік, «Ростов» - «Манчестер Юнайтед» матчы 9 наурызда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или