Хижниченко норвегиялық клубқа қарсы ойнады
Испанияда «Шахтер» пен «Согндаль» арасындағы жолдастық кездесу өтті.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко бірінші тайм ойнап, үзілістен кейін ауысты. Солигорскілік «Шахтер» қарсыласына 0:2 есебімен жол берді. Қос доп та үзілістен кейін соғылды.
Бұл Хижниченко командасының испаниялық жиындағы алғашқы жеңілісі болатын. Бүгін «Шахтер» Малагадан Белорусьқа оралады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или