Неймар ПСЖ-ға екі гол соғуға уәде берді

Неймар ПСЖ-ға екі гол соғуға уәде берді

«Барселонаның» футболшылары Чемпиондар лигасының 1/8 финалында ПСЖ-дан өте алатындарына сенеді. Бұл туралы Ràdio Barcelona хабарлады.

Команданың форварды Неймар клубтастарына ПСЖ қақпасына кем дегенде екі гол соғуға уәде берген. Жалпы, Неймар париждік клубтың қақпасына бұған дейін бес гол соққан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 1/8 финалдың алғашқы матчы каталониялықтардың 0:4 есебімен жеңілуімен аяқталған болатын. Қарымта ойын 8 наурызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или