«Ақтөбеден» ұпай алынуы мүмкін

«Ақтөбеден» ұпай алынуы мүмкін

Ақтөбелік клуб футболшы алдындағы қарызы үшін ұпайдан қағылуы мүмкін.

«2012-2013 жылдары «Ақтөбе» сапында Сергей Ковальук есімді футболшы ойнаған. 2015 жылдың қаңтарына дейін келісімшартқа отырған ойыншы, командадан уақытынан бұрын шеттетілген болатын. 2014 жылдың сәуір айында Ковальчук Қазақстанның футбол Федерациясы Ассоциациясының палатасына шағымданып, 2014 жылдың 1-ші маусымына дейін уақытынан бұрын келісімшарт бұзылғаны үшін ақшалай компенсация алуы тиіс деген шешім шыққан.

Ақшаны алмағаннан кейін Сергей Ковальчук өкілдері ФИФА-ның тәртіптік комитетіне шағымданды. Қазіргі күні барлық құжаттар халықаралық Федерацияға берілді және клубтан ұпай алып, жаңа ойыншыларды тіркеуге тиым салынуы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или