«Ордабасы» Премьер-лиганың үштігіне кіріп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықпақ

«Ордабасы» Премьер-лиганың үштігіне кіріп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықпақ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары және бапкерлер штабымен кездесті. Жиын барысында клуб құрамы таныстырылып, алға қойылған тапсырмалар мен команда жоспары талқыланды.

Жақын арада УЕФА талабына сәйкес, Қажымұқан атындағы стадион заманауи жарық беру құрылғыларымен жасақталады. Сонымен қатар, Жансейіт Қансейітұлы  «Ордабасының» еурокубоктарда сәтті ойнайтынына сенім білдірді.

«Футбол  - миллиондардың ойыны. Ешбір клуб жақсы ойыншыларысыз табысқа жете алмайды. Әр ойыншы көпқырлы болуы керек. Ең бастысы — жергілікті жанкүйерлердің сенімін ақтап, өңірді еуропаға танытуы тиіс», — деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ,  «Ордабасы» ФК президенті Бақтияр Байсейітов пен өңіл әкімі клубқа қойылған тапсырмалар мен жоспарлары жайлы сөз қозғады. Ең алдымен ел біріншілігінде үздіктердің қатарынан табылып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуды жоспарлаған.

Кездесу барысында ойыншылар атынан команда капитаны Азат Нұрғалиев сөз сөйледі.

«Осы жылы клуб мықты ойыншылармен толықты. Команда облыс намысын қорғап, артқан сенімді ақтауға тырысамыз», — деді «Ордабасы» капитаны.

Футболшылар облыс әкіміне клуб атрибуттарын сыйға тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или