Франк Рибери: «Бавария» Лондонда «Арсеналды» жеңуі керек
«Бавария» клубының жартылай қорғаушысы Франк Рибери Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Арсеналмен» болатын жауапты кездесу жайлы ойын айтты.
«Біз Лондонда жеңіске жетуге тиіспіз. Дәл қазір біз үшін бәрі оңынан болуда. Біз нағыз командамыз. Бәрі, тіпті қосалқы құрамда отырғандардың өзі алаңға шығып ойнауға дайын», – деді Рибери.
Естеріңізге салсақ, «Арсенал» мен «Бавария» арасындағы өткен 1/8 финалдың алғашқы ойынында «Бавария» 5-1 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или